жобалар


weedlibc

x86_64-linux-gnu үшін таза парақтан жасалып жатқан libc. мақсаты тек минимализм емес, linux-та шынайы қолдануға жарайтын орта құру.

іске қосу объектілері, орындау ортасының бөліктері, жеке ld-weed.so жүктеуші бағыты және кейін glibc-пен үйлесімді болуға арналған жоспары бар.


q

c11 семантикасына жақын, бірақ беткі қабаты қазақ тіліне құрылған жүйелік бағдарламалау тілі.

түйін сөздер, диагностика және атаулар қазақша. компилятор c тілінде жазылған, meson арқылы жиналады, llvm арқылы орындалатын файл шығарады.


xio

x11 үшін автоматтандыру құралы. өзінің шағын тілі бар. негізгі мақсаты: перне қайта байлау, макростар және төмен кідірісті енгізу өңдеуі.

үлкен скрипттік ортаға сүйенбейді, оның орнына xcb, libinput және uinput қолданады.


boxit

rootless linux оқшаулау іске қосқышы. негізгі ойы: нақты саясат, түсінікті ережелер, сырттан қарағанда не болып жатқанының анық болуы.

жол ережелері, желі әдепкілері, орта тазарту және toml саясат файлдарына сүйенеді.


elev

pam-ға сүйенетін ықшам setuid команда іске қосқышы. міндеті әдейі тар ұсталған.

ауыр privilege escalation құралдарына қарағанда қарапайымырақ балама болуға тырысады.


басқа жобалар

strt - қызметтерді басқару.

flesh - интерактив қабық.

shitfetch және slow - ұсақ unix-тәрізді cli тәжірибелері.

msag - minecraft кейіпкер қаптамаларын жергілікті түрде жасауға арналған жоба.

rainy - терминалдағы жаңбыр визуалы.

pwwm - терезе менеджері бағыты.